16.03.2007, 10:17 2608

Республика үкімет басшысы мен ЕурАзЭҚ бас хатшысы ықпалдастықты нығайту мәселелерін талқылады

АСТАНА. 16-наурыз. Kazakhstan Today. Кеше Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың (ЕурАзЭҚ) Бас хатшысы Григорий Рапотамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында әңгімелесушілер Қазақстан мен Ресей арасындағы екі жақты қарым-қатынастарды нығайту перспективаларын талқылады.

Г. Рапота мәлім еткендей, 2007 жылы 18 сәуірде Астанада ЕурАзЭҚ-тың мемлекеттік кеңесінің отырысы өтеді. Отырыста ЕурАзЭҚ -ты одан әрі дамыту және ұйымға қатысушы мемлекттердің өзара іс-қимыл мәселелері кеңінен талқыланатын болады.

"Қазақстан - біздің стратегиялық әріптестіміз, біз сіздермен ЕурАзЭҚ аясында тығыз жұмыс істейміз. Бізде шешілмеген мәселелер бар, бірақ қарама- қайшылық болған емес және болмайды да", - деп атап өтті Г. Рапота.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны