11.02.2008, 17:53 3283

Республикалық "Айқын" газетінің бас редакторы Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі болды

Республикалық "Айқын" газетінің бас редакторы Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі болды

Қызылорда. 9 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Республикалық "Айқын" газетінің бас редакторы Бауыржан Омаров Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі болды. Бұйрықты аймақтың басшысы шығарды. Бұл туралы агенттік тілшісіне әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, аппараттың жаңа жетекшісі Арал аймағында туған, үш жоғары оқу орнын бітірген. Филология ғылымдарының докторы, профессор, 70 аса ғылыми жұмыстардың авторы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі. Ол еңбек қызметін "Лениншіл жас" ("Жас Алаш") газетінде бастады, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің проректоры болған. Қызылорда әкімінің орынбасары, ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің тілдерді дамыту комитетінің төрағалық қызметін атқарған.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед бірқатар тағайындаулар мен ауыс-түйістерді жасады. Жаңақорған ауданының әкімі Инуар Қалтаев облыстық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты реттеу департаментінің директоры болып тағайындалды. Аймақ басшысы аудандық мәслихат депуттарына жаңа жетекшінің кандидатурасын қарастыруды ұсынды. Ол Ерлан Мұстафаев (бұған дейін Шиелі ауданын басқарған). Депуттар оған бір ауыздан дауыс берді.

Сонымен қатар Шиелі ауданының аудандық мәслихат депутаттары облыс әкімімен ұсынылған жаңа кандидатурасына да қарсы болмады. Шиелі ауданының басшылық қызметіне облыс әкімінің аппаратын басқарған Нұрлыбек Нәлібаев тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны