19.01.2017, 18:32 8298

Республикалық экологиялық "Байтақ болашақ" альянсы жанынан ақылдасу органы ретінде Ақсақалдар кеӊесі құрылды

"Байтақ болашақ" альянсыныӊ мақсаты - қоршаған ортамен мен экологиясын қорғау жолында барлық әлеует пен ресурсты жұмылдыру.

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Республикалық экологиялық "Байтақ болашақ" альянсы жанынан ақылдасу органы ретінде Ақсақалдар кеӊесі құрылды,- деп хабарлайды ұйым.

Кеӊеске Экоальянсқа қамқорлық бағыт сілтеп, ісіне береке тілейтін зиялы қауым өкілдері қамтылды. Атап айтқанда, Кеӊес құрамына Олжас Сүлейменов, Төрегелді Шарманов, Амангелді Айталы, Тоқтар Иубәкіров, Асқар Жұмаділдаев, Сейдахмет Құттықадам, Хасен Қожахмет, Баянғали Илімжанов т.т. белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері сайланды.

Ақсақалдар кеӊесініӊ алғашқы отырысы Астана қаласы Қонаев көшесі 4 үй, 21 қабат, "Қазмедиа орталығыныӊ" конференц-залында 2017 жылғы 20 қаӊтар күні сағат 11:00 - де жұмысын бастайды.

"Байтақ болашақ" альянсыныӊ мақсаты - қоршаған ортамен мен экологиясын қорғау жолында барлық әлеует пен ресурсты жұмылдыру. Экологиялық альянстыӊ президенті болып белгілі бизнесмен, меценат Азаматхан Иміртаев тағайындалған болатын. Қоғамдық бірлестік өз жұмысын 2016 жылғы қазан айында құрылып, бастап кетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны