15.05.2009, 16:15 2519

Республиканың саяси жүйесінде "Нұр Отан" ХДП-ның басым түсуіне жағдай жасау қажет - Назарбаев

Республиканың саяси жүйесінде "Нұр Отан" ХДП-ның басым түсуіне жағдай жасау қажет - Назарбаев

Астана. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Республиканың саяси жүйесінде "Нұр Отан" ХДП-ның басым түсуіне жағдай жасау қажет. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП кезектен тыс ХІІ съезінің барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Республиканың саяси жүйесінде "Нұр Отан" ХДП-ның ұзақ мерзімді перспективада басым түсуіне жағдай жасау қажет", - деді Н.Назарбаев.

"Бізге неге Малазияның Ұлттық біріккен малайзиялық ұйымынан үлгі алмасқа? Бұл ұйым халықты 40 жылдан бері басқарып келеді. Үлгі тұтарлық ұйым", - деді ол.

Президенттің айтуынша, "Нұр Отан" ХДП елдегі интеллектуалдық күшті біріктіруі қажет. "Партия аппараты президент үшін, үкімет пен парламент үшін тың идеялар тасқынын ұсынатын әлеует орталығына айналуға тиіс. Партияның жанынан инновациялық идеялар комитетін құрып, оған креативтік ойлай алатын адамдарды тарту керек", - деді президент.

Бұған қоса, мемлекет басшысының пайымдауынша, "Нұр Отан" ХДП өз қатарына қандай адамдарды тарту қажеттігін мұқият талдауы қажет.

"Нұр Отан" ХДП барлық деңгейдегі партия ызметкерлері ретінде жұмысқа адамдарды қабылдаудың айқын критерийлерін жасауы қажет. Кімді жұмысқа қабылдап жатқанымызды мұқият қарауымыз абзал. Санның соңынан сабылудың қажеті жоқ. Партия ішіндегі тәртіпті күшейтіп, жарғының қатаң орындалуына қол жеткізу қажет. Саяси ұйымдастырушылық жұмыстарды күшейту керек. Үкімет пен әкімдіктер шешімдерді қабылдауда партия басшылығымен тұрақты ақылдасып отыруы қажет", - деді Н. Назарбаев.

Бұған қоса президент "Нұр Отан" ХДП халықтың тауқыметіне жауап қатудың, оған назар аударудың тиімді жүйесін құруы қажет деп атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны