28.12.2012, 15:05 3192

"Самұрық- Қазына" "Инновациялық Қазақстан" конкурсының қорытындысын шығарды

Сондай-ақ, "Қазақтелеком" ақпараттық технология саласы бойынша бірқатар жобаларды 2013 жылдан бастап өндіріске енгізуге бел байлап отыр. "Яғни біз ғылыми инновациялық қызметпен шұғылданатын адамдарға өз жобаларын іс жүзіне асыруға мүмкіндік бергіміз келеді", - деді Қ.Бишімбаев.

Астана. 28-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ қазақстандық инноваторларға қолдау көрсетіп және олардың жобаларын жүзеге асыруға көмектесуге арналған "Инновациялық Қазақстан" конкурсының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мұнай және Газ" номинациясы бойынша I орын өндіріс қалдықтарынан мұнай-газ құбырларын қаптайтын тот баспайтын жаңа материал алуды ұсынған Гулмира Бейімбетоваға берілді. "Энергетика" номинацисы бойынша бірінші орынды "RastrWin бағдарламалық кешенінде электр желісінің есептік үлгісін алу үрдісін автоматтандыру" жобасы арқылы Бекжан Мұқатов алды. Айдар Бөкенов "Қазахтелеком" АҚ алаңшасында YouTeamпорталын пайдалану арқылы қызмет көрсету (Hosted Service)" идеясымен "Телекоммуникация" номинациясының жеңімпазы атанды. Сергей Косенко, Владимир Финк, Эдуард Исаенко, Дмитрий Гречаниченколардан тұратын авторлар тобы "Көлік" номинациясына "Темірбетон шпалдарына арналған рельс аралық жаңа бекіту құралдары" идеясымен қатысып, жеңімпаз болса, конкурстық комиссия "Машина жасау" номинациясы бойыншаІ орынға Рустем Бекмухаметов, Максим Кулеш және Бауыржан Аблезовтерді ("Бірікен БПЛА желісі бар бейне-мониторингтің бағдарламалық-аппараттық жүйесі") лайық деп тапты.

"Біз 143 технологиялық мақсатты анықтап алдық. Бұл конкурстың бұрынғылардан айырмашылығы сол, мұнда барлық жобалар нақты іске бағытталған. Бізге 500 астам өтінім түсті, жобаларды сұрыптауды ұлттық компаниялар іске асырды. Біз таяу арада жүзеге асыруға болатын жобаларды таңдадық. Мысалы, адамсыз басқарылатын ұшу аппараты, "Қазақстан Инжениринг" онымен шындап айналысуды көздеп отыр", - деді Қор басқармасы төрағасының орынбасары Қуандык Бишімбаев.

Сондай-ақ, "Қазақтелеком" ақпараттық технология саласы бойынша бірқатар жобаларды 2013 жылдан бастап өндіріске енгізуге бел байлап отыр. "Яғни біз ғылыми инновациялық қызметпен шұғылданатын адамдарға өз жобаларын іс жүзіне асыруға мүмкіндік бергіміз келеді", - деді Қ.Бишімбаев.

Конкурсқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен барлығы 532 өтінім түскен. Олардың 407-і технологиялық міндетке сай. Алматы және Астана қалаларына, сондай-ақ Ақтөбе облысынан басқаларға қарағанда анағұрлым көп жоба келіп түсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны