08.05.2015, 14:34 4090

Саны жағынан рекордты нәтиже көрсеткен бірнеше елдіӊ көрермендері Астанадағы парадты тікелей трансляция арқылы тамашалады

Астанада Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған еӊ ауқымды әскери парад өтті

Астана. 08 Мамыр. Kazakhstan Today - Астанада Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған еӊ ауқымды әскери парад өтті, Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған парад ел тарихында рекорды көрсеткіштерімен ерекшеленді. Илемніӊ 3 миллион көрермені тікелей трансляция арқылы әскери парадты тамашалады.Қазақстандықтардыӊ рухын асқақтатқан парадты тек еліміздегі ғана емес, сондай-ақ шетелдегі отандастарымыздыӊ үлкен қызығушылығы байқалды. Бұл орайда, ҚР Қорғаныс министрлігініӊ ресми сайтында, Қазақстан Республикасыныӊ АҚШ, Канада, Франция, Германия, Венгрия, Чехия, Ресей Федерациясы, Гонконг(КНР) және Белорусь елшіліктері мен консулдарыныӊресми сайтарында тікелей трансляция ұйымдастырылды.

Ауқымды парадтыӊ басталу сәтінде онлайн трансляциясын көруде рекордты нәтиже анықталды,атап айтқанда, парадты 8 мыӊнан аса көрерментамашалап, олардыӊ ішінде 5 500-ден астамы бірегей келушілер екенібелгілі болды.

Онлайн трансляциясыныӊ нәтижелері бойынша Ресей, Америка Құрама Штаттары, Қытай, Үндістан, Индонезия, Түркия, Солтүстік Корея, Украина, Голландия және басқа елдердіӊ тұрғындары парадты көруге мүмкіндік алды.

Қазақстанныӊ бүкіл өӊірлері мен Астана және Алматы қалаларыныӊ тұрғындары елімізде орналастырылған барлық LED-экрандардан тікелей эфир арқылы әскери парадты тамашалады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны