27.07.2018, 16:58 4683

Санитариялық авиацияныӊ ұтқыр бригадасы 1072 науқасқа медициналық көмек көрсетті

Санитариялық авиация қызметі ауылдық жерлерде науқастарға мамандандырылған көмек көрсету уақытын бірнеше есе азайтуға мүмкіндік берді

Астана. 27 шілде. Kazakhstan Today - Бүгінгі таӊда қан айналымы жүйесініӊ аурулары ҚР-дағы өлім-жітім себептерініӊ бірі болып табылады. Миокард инфарктініӊ дамуы және шұғыл араласу арасындағы уақытты қысқартуға мүмкін әрбір минут, жүрек бұлшық өміршеӊдігі сақтауға мүмкіндік береді, яғни инфаркт зақымдану аймағын азайтады.

Қан айналымы жүйесініӊ аурулары себебінен санавиация ұшулары ұшу қызметініӊ едәуір үлесін құрайды. Бұл инфаркт және инсульт алған науқастарғаоблыстық және республикалық деӊгейдегі мамандандырылған медициналық ұйымдар жағдайындағы көмек қажет.

Тек ағымдағы жылдыӊ бірінші жартыжылдығында ҚР санавиация қызметімен осындай 265 науқас тасымалданды. Қан айналым жүйесі аурулары себебінен еӊ көп ұшуды "әуе жедел жәрдемі" Маӊғыстау, Қарағанды, Атырау облыстарында орындады.

Жақында Қазақстанныӊ санитариялық авиация күшімен жіті инфарктпен 1961 жылы туған Шалқар қаласы тұрғыны тасымалданды. 2018 жылғы 25 шілде әйел денсаулығыныӊ нашарлауына шағымданып, тұрғылықты жері бойынша жедел медициналық жәрдем қызметіне барды және Шалқар аудандық ауруханасына жатқызылды. Науқас жағдайыныӊ ауырлығына, сондай-ақ аудандық медицина мекемелері жағдайында қажетті медициналық көмек көрсету мүмкін болмағандықтан, оны Ақтөбе медициналық орталығына тасымалдау жөнінде шешім қабылданды. Санавиация күштерін пайдалану науқасты Ақтөбе қаласы медициналық мекемесіне жеткізу уақытын 4 есеге азайтуға мүмкіндік берді. Осындай диагноз қойылған науқастар үшін рұқсат етілмеген жер үсті автокөлігімен тасымалдау 7,5 сағат асатын уақыт алар еді.

2018 жылғы 25 шілде сағат 12.00-де санитариялық авиация ұтқыр бригадасыныӊ және реаниматолог-дәрігерініӊ алып жүруімен науқас Ақтөбе қаласы медициналық мекемесіне сәтті жеткізілді.

Қазір әйел жансақтау бөлімінде, оныӊ жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ.

Бүгінде алыс аудандардан науқастарды санавиация күшімен жедел жеткізу жүйесі ҚР барлық өӊірлерінде тиімді жұмыс істейді. Бұл өлім-жітім көрсеткіштерін жақсартуға және әсіресе, ауылдық жерлердегі халықтыӊ өмір сүру ұзақтығына әсер ететін өте маӊызды бағыттардыӊ бірі.

Осы кезеӊде санавиациямен 982 ұшу орындалды. Санитариялық авиацияныӊ ұтқыр бригадасы 1072 науқасқа медициналық көмек көрсетті, 1137 медициналық қызметтер орындалды, оныӊ ішінде: 924 науқас (81,3%) медициналық ұйымдарға тасымалданды, 143 консультация (12,6%) және 70 операция (6,2%) жүргізілді.

ҚР ДСМ Баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны