04.06.2021, 21:05 19867

Санитариялық дәрігердің жаңа қаулысы: Үндістаннан келгендер 2 апталық карантинге жіберіледі

НҰР-СҰЛТАН. 4 МАУСЫМ - Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қаулыға түзетулерге қол қойды, оған сәйкес Үндістаннан келген туристер коронавирусқа теріс тест болған жағдайда да 14 күндік карантинге орналастырылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Түзетулерге сәйкес, Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде Үндістан Республикасына барып келген адамдарды 14 күнге үйде оқшаулауды (үй карантині) қамтамасыз етіледі. 
 

Үй карантиніне оқшаулау ПТР әдісімен CОVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманың және COVID-19-ға қарсы вакцинацияның болуына қарамастан жүргізіледі", - делінген құжатта.

 
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етіледі: оларды ертіп жүретін адамдарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде нәтижесін алған күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттің теріс нәтижесі бар анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде барлық келетін адамдар Анықтаманы (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде) ұсынуға міндетті.
 
Бұл ретте, құжаттамалық растауды ұсынған жағдайда Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған азаматтарға ПТР-тестілеуден өтуге анықтама ұсыну талап етілмейді.
 

Қазақстан Республикасында CОVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы анықтама мен құжат болмаған жағдайда келген азаматтар ПТР әдісімен CОVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 3 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулануға жатады", - делінген құжатта.

 
Өзгерістер серіктес босануды өткізу мәселелеріне де қатысты болды. Серіктесінде нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтама немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанын растайтын құжат болған жағдайда босануда серіктес болуға рұқсат беріледі.
 
Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны