11.12.2008, 18:59 3235

Сарыбай Қалмырзаев Қазақстан Республикасы президентінің іс басқарушысы болып тағайындалды (толық нұсқасы)

Сарыбай Қалмырзаев Қазақстан Республикасы президентінің іс басқарушысы болып тағайындалды (толық нұсқасы)

Астана. 11 желтоқсан. "Қазақстан бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаев Қазақстан Республикасы президентінің іс басқарушысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлығымен Болат Жәмитұлы Өтемұратов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің іс басқарушысы қызметінен босатылды.

С.Қалмырзаев 1949-жылы Жамбыл облысында туған. Мәскеу экономика-статистикалық институтын, КСРО Министрлер кеңесінің жанындағы халықшаруашылығы академиясын бітірген, мамандығы экономист, экономика ғылымдарының кандидаты. 1994-жылдың қазан айы мен 1995-жылдың наурыз айлары аралығында ҚР мемлекеттік мүлік жөніндегі комитетінің төрағасы, 1995-жылдың наурыз айы мен 1997-жылдың наурыз айлары аралығында ҚР мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 1997-жылдың наурыз және қазан айлары аралығында ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік мүліктер мен активтерді басқару департаментінің директоры болып істеді. 1997-жылдың қазан айы мен 1998-жылдың қаңтар айлары аралығында ҚР президенті әкімшілігінің жетекшісі, 1998-жылдың қаңтар айы мен 1999-жылдың ақпан айларында Жамбыл облысының әкімі, 1999-жылдың ақпаны мен 2002-жылдың қаңтары аралығында қайтадан ҚР президенті әкімшілігінің жетекшісі болып тағайындалды. 2002-жылдың қаңтар айынан бастап ҚР президенті әкімшілігінің жетекшісінің орынбасары болды.

2004-жылдың наурыз айынан бері Қазақстан Республикасының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігінің төрағасы болып істеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны