07.12.2011, 14:57 3552

Сәрсенбі күні Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады

Сәрсенбі күні Қазақстанның басым аумағына антициклон ықпал етуінен мұнда жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады. Тек республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық ағым айырықтары өтуінен ауа райы онда тұрақсыз болады, деп "Қазгидромет" РМК хабарлайды.

Астана. 7-желтоқсан. Kazakhstan Today - Сәрсенбі күні Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні Қазақстанның басым аумағына антициклон ықпал етуінен мұнда жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады. Тек республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық ағым айырықтары өтуінен ауа райы онда тұрақсыз болады, деп "Қазгидромет" РМК хабарлайды.

Астанада ала бұлтты, кейде қар жауады, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы -7-9ИС градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығып, кейде қар жауады, 0-5 м/с жел соғады, ауа температурасы -2-4ИС градус болады. Синоптиктердің мәліметтерінше, Қазақстанның солтүстігінде кей жерлерінде қар жауады.

Қостанай облысында да қар жауады, кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, жекелеген аудандарында бұрқасындатып, түнде кей жерлерінде тұман түседі, ауа температурасы -1-6ИС болады. Ақмола облысында аздап қар жауып, көктайғақтанып, ауа температурасы бұл өңірлерде -5-10ИС болады. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғып, Павлодар облысында жауын-шашын күтілмейді, Бұл облыстарда ауа температурасы сәйкесінше, -5-10 және -7-12ИС болады.

Қарағанды облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерінде көктайғақтанып, тұман түсіп, ауа температурасы -13-181ИС болады. Шығыс Қазақстан облысында да жауын-шашын күтілмейді, кей жерлерінде сырма соғып, кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, ауа температурасы -7-12ИС болады. Республиканың оңтүстігінде жауын-шашынды. Қызылорда облысында ауа райы жауын-шашынсыз, түнде тұман түседі, кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, ауа температурасы сәйкесінше -2-7ИС. Алматы облысында қар жауады, кей жерлерінде тұман түседі, ауа температурасы 0-5ИС болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде аздаған жауын-шашындатып, тұман түсіп, көктайғақтанып, ауа температруасы 0-5ИС болады. Оңтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашынды, тұман, таулы аймақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, ауа температурасы +3-2ИС.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп,Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, ауа температурасы сәйкесінше, +1+6, -1-6 және-3+2ИС.Ақтөбе облысында кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғып, көктайғақтанып, сырма соғып, ауа температурасы 0-5ИС болады.

Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік бөлігінің су нысандарында мұз қату жалғасады. Мұз тоспалар себебінен республиканың шығысының жекелеген өзендеріндегі (Қара Ертіс, Бұқтырма т.б.) су деңгейі күрт көтерілуі ықтимал. Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысының тау бөктеріндегі өзендерде су деңгейі көтерілуі ықтимал. Сырдарияда Шардарадан ағызылатын су көлемінің артуы себепті Оңтүстік Қазақстан аумағында Сырдың су деңгейі көтерілуі ықтимал.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны