11.02.2015, 09:57 4092

Сәрсенбі күні Қазақстанныӊ басым бөлігінде бұрқасын болады - Қазгидромет

Бүгін Қазақстанныӊ басым бөлігі фронтальды бөліктердіӊ ықпалында болғандықтан, кей жерлерінде жауын-шашын болып, бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдіӊ күшеюі күтіледі, тек батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады

Алматы. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстанныӊ басым бөлігі фронтальды бөліктердіӊ ықпалында болғандықтан, кей жерлерінде жауын-шашын болып, бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдіӊ күшеюі күтіледі, тек батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.

Алматы облысыныӊ Жалаӊашкөл ауданында жел сақталады, күші 18-23 м/с болады, кей жерлерінде тұман байқалады. Ақтөбе, күндіз Қостанай, Павлодар облыстарыныӊ кей жерлерінде жел соғады, күші 15-20 м/с, жекелеген аймақтарында бұрқасынмен. Түнде және таӊертеӊ Ақмола облысыныӊ кей жерлерінде тұман болып, таӊертеӊ және күндіз бұрқасынмен жел соғады, күші 15-20 м/с болады. Қарағанды, Маӊғыстау, Қызылорда облыстарыныӊ кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел соғады, күші 15-20 м/с болады. Жамбыл облыстарыныӊ кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарыныӊ кей жерлерінде тұман болады. Атырау облысыныӊ кей жерлерінде тұман, көктайғақ байқалады. Оӊтүстік Қазақстан облысында жел соғады, күші 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысыныӊ кей жерлерінде желдіӊ күші 17-22 м/с, түнде бұрқасынмен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны