01.11.2006, 18:27 2806

Семей аймағында әскерге шақырылғандардың 40% борышын өтеуге жарамсыз деп танылды

СЕМЕЙ . 1 қараша. Kazakhstan Today. Семей аймағында медициналық комиссия әскерге шақырылғандардың 40% борышын өтеуге жарамсыз деп таныды . Бұл жөнінде Семей қалалық әскери комитеттің медициналық комиссия төрайымы Мұқмина Ысқақова хабарлады.

"Искерге шақыру жөніндегі медициналық комиссия өзінің жұмысын 1 қазанда бастады. Бір ай ішіндегі жұмыс нәтижесіне қарап мен жағдайымыз көңіл көншітерлік емес деген тұжырым жасай аламын",-деді М.Ысқақова.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда әскер қатарына шақырылушылардың 80 % денсаулығы мәз емес, тіпті 40% әскер қатарына жарамсыз.

"Искерге шақырылатын жастағы жігіттердің денсаулығы жыл сайын төмендеп барады. Олардың арасында май табан, бас-сүйегінің зақымдану салдары, жүрек- қан тамырлары, сколиоз және көз жанары проблемалары басым",-дейді М.Ысқақова. "Бір ғана қуанатын жағдай - жігіттердің салмақтары қалпына келе бастады",-деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны