08.01.2015, 09:48 4864

Семей гарнизоныныӊ әскери қызметшілері Жеӊіс вымпелін қабылдап алды

"Шығыс" өӊірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысыныӊ орынбасары Азамат Мұқатаев Ұлы Жеӊістіӊ 70 жылдығын мерекелеу жылыныӊ және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы ардагер жылыныӊ басталуын білдіретін акцияға қатысу әрбір әскери қызметші үшін құрметті іс екенін атап өтті.

Семей. 8 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін Семейдегі гарнизондық Офицерлер үйінде қазақстандық әскери қызметшілердіӊ бірнеше ұрпағы кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өткен жылдыӊ соӊына қарай басталған "Жеӊіске құрмет" акция-марафонына қатысушылар Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетті. Олар үшін сыйлықтар, гүлдер мен құттықтау адресаттары дайындалды.

"Шығыс" өӊірлік қолбасшылығыныӊ Семей гарнизонына эстафета бойынша Қарағанды қаласынан келіп жеткен Жеӊіс вымпелін беру еӊ салтанатты сәтке айналды. Жеӊіс вымпелін капитан Ерлан Нұралин қабылдап алды. Ол вымпелді 8 қаӊтарда Қапшағай гарнизоныныӊ әскери қызметшілеріне жеткізу құрметті миссиясын атқаратын болады.

"Шығыс" өӊірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысыныӊ орынбасары Азамат Мұқатаев Ұлы Жеӊістіӊ 70 жылдығын мерекелеу жылыныӊ және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы ардагер жылыныӊ басталуын білдіретін акцияға қатысу әрбір әскери қызметші үшін құрметті іс екенін атап өтті.

"Біздер, Отан қорғаушылар үшін жеӊіс үшін барлығын берген батырлар туралы естелік қасиетті, олардыӊ ерлігі ұрпақтар үшін өшпес өнеге болып қала бермек", - деді А. Мұқатаев.

Естеріӊізге сала кетейік, "Жеӊіске құрмет" акциясы шеӊберінде еліміздіӊ өӊірлерінде орналасқан құрамалар мен бөлімдерге Жеӊіс вымпелін беру эстафетасы өтуде.

15 қаӊтарда аяқталатын акция соӊына қарай Жеӊіс вымпелі Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебіне табыс етілетін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны