04.02.2016, 12:49 3130

Семей қаласында ақша құралдарын заӊсыз қолма қол ақшаға айналдырған тұлғадан 130 миллион тәркіленді

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетініӊ Экономикалық тергеу қызметі жүргізген жедел-тергеу шараларыныӊ нәтижесінде салық төлеуден жалтару мақсатында бірқатар арнайы құрылған кәсіпорындар арқылы ақша құралдарын қолма қол ақшаға айналдырумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Семей. 4 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетініӊ Экономикалық тергеу қызметі жүргізген жедел-тергеу шараларыныӊ нәтижесінде салық төлеуден жалтару мақсатында бірқатар арнайы құрылған кәсіпорындар арқылы ақша құралдарын қолма қол ақшаға айналдырумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2016 жылғы 1 ақпанда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті экономикалық тергеу қызметініӊ қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу шеӊберінде Семей қаласында Банк ғимаратыныӊ жанында өзімен бірге кәсіпорынныӊ шотынан қолма қол ақшаға айналдырылған 130 млн. теӊге сомасында ақша қаражаты табылған А деген азаматты ұстады.

Бұдан басқа, оларды заӊсыз қолма қол ақшаға айналдырмас үшін кәсіпорынныӊ шотындағы 151 млн. теӊгеге тыйым салынды.

Қазіргі уақытта азамат А. ұсталды, барлық заӊсыз қызметке қатысы бар, оныӊ ішінде банк қызметкерлерін анықтау бойынша шұғыл тергеу шаралары жүргізілуде.

Астана, Алматы қалаларыныӊ, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарыныӊ аумағында жұмыс істеп келген, көрсетілген қылмыстық топ 7 миллиардтан астам теӊгені қолма қол ақшаға айналдырған.

Осы кәсіпорындардыӊ барлық контрагенттерін анықтау бойынша шаралар жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны