16.02.2012, 15:48 3493

Семей қаласында Құран оқудан жарыс ұйымдастырылды

Жуықта Семей өңірінің өкіл имамы Ержан қажы Малғажыұлының ұйымдастыруымен Қос мұнаралы орталық мешіт жанындағы діни сауат ашу курсында оқып жатқан әйел шәкірттері арасында сайыс өткен.

Астана. 16-ақпан. Kazakhstan Today - Семей қаласында Құран оқудан жарыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚМДБ хабарлауынша, жуықта Семей өңірінің өкіл имамы Ержан қажы Малғажыұлының ұйымдастыруымен Қос мұнаралы орталық мешіт жанындағы діни сауат ашу курсында оқып жатқан әйел шәкірттері арасында сайыс өткен.

Сайысты өткізудің басты мақсаты - оқып жатқан шәкірттердің осы уақыт аралығында алған білімдерінің деңгейін саралау. Сайысқа "Кәусәр" және "Ықылас" тобы болып барлығы 25 шәкірт қатысты.

Сайысқа қатысушыларға сауат ашу курсының ұстаздары Ажар Рамазан қызымен Динара Тұрлықожанова алдын ала дайындаған сұрақтары бойынша ғылымхал, тәжуид, құранды жатқа оқу, хадисті жатқа айту және әр-түрлі діни сұрақтар қойылған. Нәтижесінде 28 балмен "Кәусәр" тобы жеңімпаз атанса, "Ықылас" тобы 23 бал жинаған. Сайысқа қатысушыларға діни кітаптар мен сыйлықтар табыс етілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны