15.12.2008, 12:58 2208

"Семей орманы" резерватында қылқан жапырақты 9 ағашты кесіп алған браконьерлер ұсталды

"Семей орманы" резерватында қылқан жапырақты 9 ағашты кесіп алған браконьерлер ұсталды

Семей. 15 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - "Семей орманы" мемлекеттік иабиғи орман резерватында қылқан жапырақты 9 ағашты кесіп алған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

""Шырша" атты шұғыл алдын алу шарасының барысында Семей ІІБ табиғат қорғау және мал дәрігерлік полициясы бөлімінің қызметкерлері "Семей орманы" резерватының Краснокардонский орман шаруашылығында Семейдің екі тұрғынын ұстады. Олар қылқан жапырақты жас ағаштарды заңсыз кесумен айналысып жүрген. Ұсталғандардан биіктігі 1,5- 2 метрлік 9 қылқан жапырақты ағаш пен ара табылды. Қазір шығын көлемі анықталу үстінде. Айғақзаттар орман шаруашылығына берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны