03.01.2007, 13:06 3369

Семейде 16 адам ішімдіктен уланып ауруханаға түсті

СЕМЕЙ. 3-қаңтар. Kazakhstan Today. Семейде өткен екі тәулікте 16 адам ішімдіктен уланып ауруханаға түсті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Семей қалалық гемодиализ және токсикология орталығының бөлім меңгерушісі Қайрат Бишигулов хабарлады.

"Науқастардың жасы 18 бен 60 аралығында. Кейбіреулері басы, енді бірі жүрегі ауырды деп келді. Себеп біреу ғана - ішімдікті шектен тыс ішу. Олардың басым бөлігі жаңа жылды 29-желтоқсанда тойлай бастаған. Қазір ауруханаға ішімдіктен уланғандар әлі де келіп түсіп жатыр",- деді ол.

Қ.Бишигуловтың айтуынша, 2006-жылы Семейде түрлі улану оқиғаларынан 55 адам қайтыс болған. Соның ішінде 49 адам ішімдіктен уланып көз жұмды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны