08.01.2008, 16:54 3104

Семейде 2007 жыл қорытындысы бойынша жұмыссыздар саны 12,5%-ға азайды

Семейде 2007 жыл қорытындысы бойынша жұмыссыздар саны 12,5%-ға азайды

Семей. 8 қаңтар."Қазақстан Бүгін" - Семейде 2007 жыл қорытындысы бойынша 2006 жылмен салыстырғанда жұмыссыздар саны 12,5%-ға азайды. Бұл туралы агенттік тілшісіне қалалық еңбек нарығы және жұмыспен қамту орталығы бөлімінің төрайымы Вера Гуторова хабарлады.

"2007 жылғы еңбек нарығы жұмыссыздар санының азаюының оң динамикасымен сипатталады. 2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен жұмыспен қамту орталығында 2100 жұмыссыз тіркелген, бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 300 адамға аз", - деді В. Гуторова.

Оның атап көрсетуінше, еңбек нарығындағы жағдайдың жақсаруына "қалалық жұмыспен қаму бағдарламасының аясында қарастырылған жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау бағытындағы жұмыстар оң ықпалын тигізді. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға қала бюджетінен 2007 жылы 56 млн 848 мың теңге бөлінді".

"Біз 4312 жұмыссызды жұмысқа орналастырдық, бұл 2006 жылғымен салыстырғанда 11% артық. 1400 жұмыссыз уақытша ақы төленетін жұмыстарға жіберілді. "Жастар саясаты" және "Илеуметтік жұмыс орындары" бағдарламаларына 303 адам қатысып, 623 жұмыссыз кәсіптік дайындықтан өтті", - деді бөлім бастығы.

В. Гуторованың мәліметінше, "тіркелген жұмыссыздардың 19,2% ауыл тұрғындары, ал 71,4%- әйелдер".

Қаладағы кәсіпорындар мен ұйымдар жария еткен жұмысшыларға деген сұраныс 2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен 900 адамнан асты. Орта есеппен бір орынға тіркеудегі екі жұмыссыздан таласты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны