14.09.2006, 10:06 3131

Семейде газ баллон сатылатын орындарда өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу деректері анықталды

СЕМЕЙ. 14 -қыркүйек . Kazakhstan Today. Семейде жүргізілген рейд кезінде газ баллоны сатылатын орындарда өрт қауіпсіздігі ережесінің жиі бұзылатындығы анықталды. Бұл жөнінде Семей облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің маманы Серікжан Азамбаев мәлімдеді.

"Жыл сайын сауда нүктелері артуда, алайда сауда тәртібін сақтауға қатысты жағдай өзгерер емес",-деп мәлімдеді С. Азамбаев.

Оның айтуынша, газ баллондардың дұрыс сақталмауы жиі кездеседі. "Олардың бәрі арнайы сөреде, көлденең жатқызылып сақталуы тиіс, бірақ көбінесе газ баллондар жерде тігінен тұрады. Оған қоса, газ баллон сататын дүңгіршектер мен сөрелер байланыс телефонымен, дабыл қағу жабдығымен , өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы тиіс. Көп жағдайда бұл талаптар ескерілмейді",-дейді С. Азамбаев.

Өрт сөндірушілер он нысанды аралап, бәріне ескерту жазып берді. Ескерту қағазы газ мекемелерінің басшыларына тапсырылады.

С. Азамбаев мұндай шаралардың әзірге нәтижесіз екенін айтады. "Ескерту қағазын алған мекеме басшылығы, газ шаруашылығындағы былықтарды реттеуге асықпайды. Мүмкін бұл жеңіл жаза болар, себебі заң бұзушылықтар үшін заңды тұлғаларға 3 және кәсіпкерлерге 10 айлық есеп көрсеткіші көлемінде айыппұл салынады",-деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны