02.08.2007, 12:10 3488

Семейде Қала күнін тойлауға дайындалуда

СЕМЕЙ. 2 тамыз. Kazakhstan Today. Семейде Қала күнін тойлауға дайындалуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Семей әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қала күндері тамыздың 4 мен 11 аралығында өтеді. Шараны қалалық әкімшілік пен Семей қалалық мәдениет бөлімі ұйымдастырады. Апта бойына 20 жуық жалпықалалық шаралар өткізу жоспарланған. Атап айтсақ, мерекелік концерттер мен шығармашылық кездесулер, "Ин шырқайық, достар" ретрофестивалі, мектептік және ауылшаруашылығы жәрмеңкелері, ат спорты жарыстары өтеді.

Қала күні мерекесі аясында жаңа кинотеатр, жаңа спорт залы, мейманхана мен Уәлиханов көшесінің жөнделген бөлігі ашылады. Салтанаттар біріккен концертпен және мерекелік от шашумен аяқталады.

Биыл Семейге 289 жыл толады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны