04.09.2007, 12:19 2553

Семейде өзінің аяғы ауыр екенін білмеген жоғары сынып оқушысы бала тапты

Семейде өзінің аяғы ауыр екенін білмеген жоғары сыныпта оқитын жасөспірім қыз баласын шала тапты.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 4 қыркүйек. СЕМЕЙ. Семейде өзінің аяғы ауыр екенін білмеген жоғары сыныпта оқитын жасөспірім қыз баласын шала тапты, деп хабарлайды қалалық жедел жәрдем ауруханасынан.

Дәрігерлердің айтуынша, 1 қыркүйекте "жедел жәрдем" тобы шақыру бойынша 16 жасар қызға келген. Ол өзінің іші қатты ауырып тұрғанын айтады. Оны қарап шыққан дәрігерлер қыздың 6 айлық аяғы ауыр екенін анықтады. "Оқушы қыз тіпті өзінің екіқабат екенін білмеген. Оның ата-аналары ауылда тұрады, ал өзі қалада туыстарының үйінде сабаққа баратын көрінеді", - дейді дәрігерлер.

Жасөспірім қыз жедел түрде перинаталдық орталыққа жеткізіліп, сол жерде уақыты жетпей босанды.

"Бала мен анасының халі қазір жақсы", - дейді медиктер.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны