19.10.2007, 16:06 3256

Семейде жаңа әмбебап сауда орталығы ашылады

Семейде жаңа әмбебап сауда орталығы ашылады.

Семей. 19-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде "Алтын Сары" атты жаңа әмбебап сауда орталығы ашылады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне қалалық кәсіпкерлер бөлімінің жанындағы сауданы дамыту бөлімінің бастығы Советқан Балықбаев хабарлады.

"Жаңа әмбебеп сауда орталығы қала сыртында, 20 гектар аумақта орналасқан. Бұл Семейдегі ең үлкен базар болмақ",- деп атап өтті С.Балықбаев.

С.Балықбаевтың айтуынша, "Алтын Сары" бірнеше базардан - азық-түлік, киім, көлік, әмбебеп және мал сататын базарлардан тұрады. Орталықта тек отандық тауарларды ғана емес, шетелдік өнімдерді де көтерме және бөлшектеп сату жүзеге асырылады. Нысан географиялық тұрғыдан да өте ыңғайлы орналасқан - бұл орынды "Шығыс қақпасы" деп атау қалыптасқан, сондықтан да бұған шекаралас аудандардан да тұтынушылар келетін болады. Қалада мұндай үрдіс алғаш енгізіліп отыр".

Тапсырыс беруші "Алтын Сары" болып табылатын жобаның жалпы құны 4 млрд теңгені құрайды. Жаңа орталық 400 орынды сауда қатарларамен және заманауи зертханалары бар арнайы цехтармен жабдықталған. Сонымен қатар сауда орындарынан басқа да зертханалық және өндірістік корпустар, қонақ үй, көлік тұрағы мен техникалық көмек көрсету орталығын салу жоспарлануда.

Орталықт 20-қазанда салтанатты түрде ашылады деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны