21.12.2007, 14:07 3646

Семейде жаңа мектеп ашылды

Семейде жаңа мектеп ашылды

Семей. 21 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде бүгін жаңа мектеп ашылды, деп хабарлайды агенттік Семей қалалық әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жаңа үш қабатты мектептің ғимараты "Восточный" ықшамауданында орналасқан. Оның құрылысы республикалық бюджет қаржысына 2005 жылдан бері жүргізілді. Бөлінген қаржының жалпы көлемі 622 млн теңгені құрады.

Мектеп директоры Аспиран Қайрановтың хабарлауынша, оқу орны 750 балаға есептелген, олар 33 класқа бөлінген. Мектептің жанынан екі мини орталық пен екі мектепке дейінгі дайындық классы ашылған.

Мектепте 17 оқу кабинеті, екі спорт залы, 320 орынға есептелген асхана, кітапхана мен екі компьютерлік класс бар.

"Восточный ықшамауданында жаңа мектеп ашу қажеттігі ертеден туындаған. Ықшамауданда халық тығыз тұрады және оның үстіне кейінгі кездері бұл жерге ауыл тұрғындары көптеп қоныс аударуда. Қазір осы ықшамауданда бір ғана мектеп бар, 1117 орынға есептелген бұл мектепте 2 мыңнан астам бала білім алады. Жаңа мектеп сөйтіп қазіргі мектептің ауыртпалығын біршама жеңілдетпек, оның үстіне ол қазақ тіліндегі мектеп болғандықтан, қазақ тілді кластардың бәрі солай көшеді", - деп хабарлайды әкімшіліктегілер.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылы Семейде тағы үш жаңа мектеп салынады. Олардың біреуі 1200 орынға, қалған екеуі 400 орынға есептелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны