30.07.2008, 13:28 1177

"Семейводоканал" ҚКК соңғы 17 жылда алғаш рет арнаулы техникасын жаңалады

"Семейводоканал" ҚКК соңғы 17 жылда алғаш рет арнаулы техникасын жаңалады

Семей. 30 шілде. "Қазақстан Бүгін" - "Семейводоканал" ҚКК соңғы 17 жылда алғаш рет арнаулы техникасын жаңалады. Бұл туралы агенттік тілшісіне Семей қаласы әкімінің орынбасары Александр Ершов хабарлады.

""Семейводоканал" кәсіпорны жаңа арнаулы техникамен жабдықталды. Ол үшін қалалық бюджеттен 96 миллион теңге бөлінді. Жаңа 11 көлік кәсіпорыннның қала маңындағы кәсіпорындарына арналған. Олар Абыралы, Дегелең және басқа да ауылдық округтерге су құбырларын жаңалау мен алмастыру жұмыстары үшін жіберіледі", - деді А. Ершов.

"Семейводоканал" ҚКК сауықтыру жөніндегі басқарушысы Еркін Сағындықовтың айтуынша, "кәсіпорын біраз уақыт дағдарысты жағдайда болды". "Оны сауықтыру үшін арнаулы үш жылдық жұмыстар жоспары жасалған, ол 2006 жылдан бері жұмыс істеуде. Осы мерзімде жоспарға сай берешекті өтеп, белгіленген мерзімде қалыпты жұмыс тәртібіне көшуді жоспарлап отырмыз", - деді Е. Сағындықов.

Оның айтуынша, қаланың әрбір тұрғыны тәулігіне 270 литр суық су және 130 литр ыстық су тұтынады. "Нәтижесінде күніне 400 литр шығуда. Алайда, қала тұрғындарының басым бөлігі кәсіпорынның қызметіне ақы төлемейді. Бүгінгі күні тұрғындардың берешегі 56 млн теңгені құрап отыр, 300 іс сотқа жолданды", -деді Е. Сағындықов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны