05.01.2018, 17:05 6097

Сенат Төрағасыныӊ орынбасары Б. Бекназаров Қызылордада кездесу өткізді

Сенаторлар Қызылорда облысында жедел және айқын құқықтық қызмет көрсету мақсатында құрылған Құқық қорғау қызметі орталығыныӊ жұмысымен танысты.

Астана. 5 қаӊтар. Kazakhstan Today -Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасыныӊ орынбасары Бектас Бекназаров, сенаторлар Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмырза Еламанов жұмыс бабындағы сапармен Қызылорда облысында болды.

Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесу барысында депутаттар аймақтыӊ 2017 жылғы әлеуметтік-мәдени дамуындағы негізгі қорытындылармен және осы жылғы жоспармен танысты. Аймақ басшысы өнеркәсіптіӊ, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларыныӊ жай-күйі және келешектегі дамуы туралы жан-жақты хабардар етті.

Сенаторлар Қызылорда облысында жедел және айқын құқықтық қызмет көрсету мақсатында құрылған Құқық қорғау қызметі орталығыныӊ жұмысымен танысты. Мұнда азаматтарғақұқықтық мәселелерді шешуде кешенді түрде көмек көрсететін білікті мамандар (прокурор, адвокат, медиатор, әкімдік өкілдері) қызмет етеді. Орталық қазіргі заманғы инженерлік-техникалық құралдармен жабдықталған, келушілерге жайлы жағдай жасалған.

Парламентшілер жаӊа тұрпаттағы полиция бекетінде болып, оныӊ жұмысына жоғары баға берді. Сондай-ақ 500-ге жуық камера жұмыс істейтін бейнебақылау жүйесініӊ тиімді жұмысы атап өтілді. Депутаттар қылмыс деӊгейін төмендетуге мүмкіндік беретін бұл жаӊалықты еліміздіӊ басқа да аймақтарына кеӊінен таратуды ұсынды.

Депутаттар құқық қорғау органдарыныӊ өкілдерімен кездесу барысында заӊдардағыәкімшілік және қылмыстық заӊнаманы ізгілендіруге бағытталған түзетулер туралы әӊгімеледі.

Сенаторлар сол күні қалалық мәслихат ғимаратында облыс активімен, мәслихат депутаттарымен және жұртшылық өкілдерімен кездесті. Сенат Төрағасыныӊ орынбасары Б. Бекназаров өз сөзінде Парламент жоғарғы Палатасы қызметініӊ қорытындыларына тоқталды. Мемлекет басшысы Н.И.Назарбаевтыӊ бастамасымен жүзеге асқан конституциялық реформа ел өміріндегі аса маӊызды оқиға ретінде атап өтілді. "Парламент Ата заӊға Мемлекет басшысы ұсынған саяси реформаларды құқықтық тұрғыда қамтамасыз өзгерістер мен толықтыруларды қабылдады. Депутаттар корпусы жаӊа Салық, Кеден кодекстері және басқа да заӊдар бойынша ауқымды жұмыстар атқарды", - деді Б. Бекназаров.

Сенат Төрағасыныӊ орынбасары Елбасыныӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Жолдауы және "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалықмақаласыныӊ маӊызды рөлін атап өтті. Б.Бекназаровтыӊ айтуынша, Қазақстанныӊ Қауіпсіздік Кеӊесіне мүше болуы, Астанада ШЫҰ саммиті мен "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесініӊ өтуі біздіӊ еліміздіӊ жаӊа тарихында ерекше орын алады.

Парламент қабылдаған заӊдардыӊ мазмұны, еліміздегі рухани жаӊғыру мәселелері, оныӊ ішінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен қазақ тілін латын әрпіне көшіру туралы мүдделілік тұрғысында әӊгіме өрістеді. Б. Бекназаров шараға қатысушылардыӊ сауалдарына жауап берді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатыныӊ Баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны