26.01.2017, 20:15 6527

Сенаторлар ауылдық жерлерде тұратын 2,5 миллионға жуық адамға медициналық сақтандыру тетіктерініӊ болмауына байланысты алаӊдаушылық білдірді

Сенаторлар өз бетінше жұмыспен айналысушыларды медициналық сақтандыру тетіктерініӊ болмауына алаӊдаушылық білдірді.

Астана. 26 қаӊтар. Kazakhstan Today - Сенаторлар өз бетінше жұмыспен айналысушыларды медициналық сақтандыру тетіктерініӊ болмауына алаӊдаушылық білдірді.

Сенатта Қазақстан Республикасыныӊ міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне әзірлік және оны енгізу мәселелері бойынша кездесу болды.

Сенаттыӊ Илеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетініӊ бастамасымен өткен шараға Парламент депутаттары, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ, Илеуметтік медициналық сақтандыру қорыныӊ және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясыныӊ өкілдері қатысты. Кездесуді Илеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетініӊ төрағасы Бірғаным Ийтімова ашты.

Сенатор міндетті медициналық сақтандыруды енгізу Президент Н.И.Назарбаевтыӊ бес институттық реформасын іске асыру жөніндегі "100 нақты қадам" Ұлт жоспарындағы жеке бағыт (80-ші қадам) ретінде қарастырылғанын атап өтті.

Бұл үлгініӊ негізгі басымдығы мемлекеттіӊ, жұмыс берушілердіӊ және азаматтардыӊ ынтымақты жауапкершілігі қағидасы негізінде денсаулық сақтау жүйесініӊ қаржылық тұрақтылығыныӊ сақталуын күшейту болып табылады. Қазіргі кезде бұл салаға қажетті құқықтық негіз қалыптасты. Парламент "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" заӊды, сондай-ақ бірқатар заӊнамалық актілерге тиісті түзетулерді қабылдады. Таяу уақытта заӊ шығару органына кейбір заӊнамалық актілерге денсаулық сақтау және әлеуметтік-еӊбек саласындағы мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заӊ жобасы енгізіледі. Шараға қатысушылар алдында Илеуметтік медициналық сақтандыру қоры Басқармасыныӊ төрағасы Елена Бахмутова сөз алып, депутаттарды Қордыӊ қызметі, оныӊ ұйымдастыру құрылымы мен алдағы жылдарға даму жоспары туралы хабардар етті.

Е. Бахмутова атап өткендей, Қордыӊ негізгі мақсаты денсаулық сақтау ресурстарын тиімді пайдалану, тарифті белгілеу мен қызмет көрсету төлемдері жөніндегі бірыӊғай қадамдар және саланыӊ қаржылай тұрақтылығын күшейту болып табылады.

Талқылауға қатысқан Сенат депутаттары Ақан Бижанов, Серік Бектұрғанов, Или Бектаев, Нұрлан Қылышбаев, Сәрсенбай Еӊсегенов және Бекмырза Еламанов қазіргі өзекті мәселелерді айта келіп, бірқатар сауалдар қойды және қаралып отырған тақырып бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды. Жаӊа үлгініӊ әлсіз жақтары мен Қордыӊ тұрақтылығын қолдаудыӊ келешегі және оныӊ активтерініӊ сақталуы жан-жақты сарапқа салынды. Сенаторлар ауылдық жерлерде тұратын 2,5 миллионға жуық өз бетінше жұмыспен айналысушы адамдарға дәрігерлік сақтандыру тетіктерініӊ болмауына байланысты алаӊдаушылық білдірді. Сондай-ақ сақтандыру жүйесіне барлық қатысушылардыӊ өзара іс-қимылыныӊ әр қадамын нақты белгілеу ұсынылды. Пікірсайыс нәтижесінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін тиімді енгізуге бағытталған ұсыныстар әзірленетін болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны