01.03.2012, 12:06 3628

Серік Ахметов Оңтүстік Қазақстан облысын барған жұмыс сапары аясында бірқатар нысандарын аралады

Бірінші вице-премьер С.Ахметов бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар елді мекендеріндегі бөгеттер мен көпірлердің жағдайымен танысты, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.

Шымкент. 1-наурыз. Kazakhstan Today - Серік Ахметов Оңтүстік Қазақстан облысын барған жұмыс сапары аясында бірқатар нысандарын аралады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бірінші вице-премьер С.Ахметов бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар елді мекендеріндегі бөгеттер мен көпірлердің жағдайымен танысты, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Серік Ахметов Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің тапсырмасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында сапармен жүргенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

С.Ахметов Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарының барысында бірінші аялдаманы Түркістан қаласына жасады. Бірінші вице-премьер онда су тасқынынан зардап шеккен және қауіпсіз жерге көшірілген Шаға ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу №31 мектеп-балабақшада өтті. Қауіпсіз жерге көшірілген 100 адамның дені әйелдер мен балалар. С.Ахметов тұрғындармен әңгімелесті, олардың жағдайымен танысып, проблемаларын тыңдады. Зардап шеккендердің барлығы ыстық тамақпен және киім-кешекпен қамтылып отыр.

Ал Екпінді ауылында бірінші-вице-премьер республикалық маңыздағы жолдардың бірі басып өтетін бөгет пен көпірдің жағдайымен танысты. Сапар барысында С.Ахметов ҚР Көлік және коммуникация министрлігіне бірқатар тапсырмалар берді.

С.Ахметов сондай-ақ Бәйдібек ауданындағы да көпір мен бөгеттің жағдайымен танысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны