04.02.2016, 12:17 3066

Шақыруға жауаптыларды полиграфта тексеретін болады

Биылғы жылы алғаш рет Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштерінде бірінші жартыжылдықта қорғаныс істері жөніндегі аумақтық органдардыӊ әскери қызметшілері, шақыруға жауаптылар полиграф аппаратында тексерілетін болады. Ол үшін арнайы кесте құрылады.

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Биылғы жылы алғаш рет Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштерінде бірінші жартыжылдықта қорғаныс істері жөніндегі аумақтық органдардыӊ әскери қызметшілері, шақыруға жауаптылар полиграф аппаратында тексерілетін болады. Ол үшін арнайы кесте құрылады. Қазақстанныӊ бірде-бір өӊірі назардан тыс қалмайды. Бұл құқыққа қарсы іс-әрекеттіӊ жүзеге аспауын алдын алады, сондай-ақ осы тұрғыда жасалған қылмысты әшкерелеуге септігін тигізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру үшін аудандарда жергілікті атқару органдарыныӊ шешімімен "Искери қызмет пен әскери қызметшілердіӊ мәртебесі туралы" ҚР Заӊына сәйкес шақыру комиссиясы құрылады. Бүгінгі таӊда шақыруды тиісті өӊірдіӊ әкімі орынбасарыныӊ басшылық етуімен тек қана шақыру комиссиясы жүзеге асырады. Комиссия құрамы тиісті өӊірдіӊ әкімімен тағайындалады. Оныӊ құрамына денсаулық сақтау, ішкі істер, білім, қоғамдық ұйым, Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ өкілдері кіреді. Искери қызметшілер бір лауазымдық адам ретінде ұсынылған. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша аудандық шақыру комиссиясы шақырылушыға қатысты мынадай шешімдердіӊ бірін қабылдайды. Атап айтқанда, әскери қызметке шақырылуға жатады, әскери қызметке шақырылудан кейінге қалдырылады, әскери қызметке шақырылудан босатылсын, әскери міндетті орындаудан босатылсын. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жергілікті әскери басқару органдары қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер, басқармалар және департаменттер атынан ҚР Қарулы Күштерініӊ ажырамас бөлігі болып табылады және жұмылдыру әзірлігін ұстап тұру, мемлекеттіӊ қазақстандық армиясы мен өзге де әлеуетті құрылымдарды жеке құраммен жасақтау тапсырмаларын шешеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны