29.01.2015, 14:50 4968

Шардарада 9 сынып оқушысы жоғары сыныпта оқитын баланы пышақтап өлтірді

Шардарада 9 сынып оқушысы жоғары сыныпта оқитын балаға пышақ салып өлтірді

Шымкент. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - Шардарада 9 сынып оқушысы жоғары сыныпта оқитын балаға пышақ салып өлтірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аудандық полиция бөлімінен баяндағандай, оқиға үзіліс кезінде орын алды. Оған 9 сыныпта оқитын бала мен 10 сынып оқушысыныӊ арасындағы ерегіс себеп болды. "Тоғызыншы сынып оқушысы ұрысты өзі бастап, оны балағаттаған оныншы сынып оқушысына пышақ салды", - деп баяндады жергілікті полиция бөлімінен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Бозбала жүректіӊ астына тиген соққыдан "жедел жәрдем" көлігінде көз жұмды.

9 сынып оқушысы бірден ұсталып, уақытша қамау абақтысына жіберілді. "Адам өлтіру" фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Кәмелеттік жасқа жетпеген азаматқа 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Полицияда хабарлағандай, екі бала бұған дейін кәмелеттік жасқа жетпегендердіӊ ісі жөніндегі инспекцияда есепте тұрмаған, оқу үлгерімдері жақсы болды, мектепте оларға жақсы мінездеме берілді. Енді полицейлер Шардара мектебініӊ оқушылары сабаққа неге суық қару ұстап баратынын анықтауы тиіс.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны