05.12.2013, 22:39 4189

Шекара қызметінің сапына оқуын жаңадан бітірген 18 лейтенант келіп қосылды

Жас ұшқыштарды, штурмандарды, борт техниктері мен жер бетіндегі мамандарды Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры Нұрлан Жоламанов құттықтады. Шекара ведомствосының басшысы олардың алдында тұрған міндеттерге тоқтала келіп, қызметтеріне ақ жол тіледі.

Алматы. 05 желтоқсан. Kazakhstan today. Шекара қызметінің сапына оқуын жаңадан бітірген 18 лейтенант келіп қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың барлығы да ұшқыштар ұстаханасы саналатын - екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Иуе қорғанысы күштері Искери институтының түлектері.

Қазіргі таңдағы әскери ұшақтар мен тікұшақтардың күрделі құрлымы ұшқыштар құрамының білімі мен біліктілігін талап ететіндігі сөзсіз. Сондықтан, қазір болашақ ұшқыштарға ұшуды басқару, ұшақты жүргізу, әуе соғыстары мен бомба тастауды ғана емес, сонымен қатар ұшу аппараттарының барлық жүйелерін сауатты пайдалануды да үйретуге көңіл бөлінеді.

Жас ұшқыштарды, штурмандарды, борт техниктері мен жер бетіндегі мамандарды Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры Нұрлан Жоламанов құттықтады. Шекара ведомствосының басшысы олардың алдында тұрған міндеттерге тоқтала келіп, қызметтеріне ақ жол тіледі.

"Ұшқыш-нұсқаушылық құрамы түлектердің ұшуына барынша жағдай жасады, - деп атап өтті генерал, - әскерге келгеннен кейін ҚР ҰҚК Шекара қызметінің құрамында тұрған және алдағы кезде Шекара қызметіне келетін авиациялық техникалардың барлық түрінде қазіргі жинақтаған тәжірибелеріңді одан әрі дамытуға мүмкіндік туады".

Генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов ұшқыштар даярлайтын жоғарғы оқу орны түлектерінің кәсіби деңгейі мен біліктілігінің жоғары екендігін атап өтті. Ұшуға деген жастар ықыласының әрқашанда ерекше болатындығын айта келіп, Шекара қызметінің басшысы шеберлікке қол жеткізудің кілті лейтенанттардың өздеріне, олардың даярлығы мен жауапкершілігіне байланысты екендігін ескертті.

Кешегі курсанттар бүгін офицер болып үлкен өмірге қанат қаққалы отыр. Оның үстіне жәй ғана офицерлер емес, авиация офицерлері. Олар сынақтың барлығынан сүрінбей өтті, тіпті мемлекеттік емтиханға дайындық кезінде де ұшудан қол үзген жоқ. Ирине, ұшу дайындығы бойынша сынақты да аспанда тапсырды. Жас офицерлерге басшылық өкілдері қанша ұшу болса соншалықты сәтті қонуды тіледі.

Бүгін олар еліміздің әуе кеңістігінде шарлап, аспан шебін қорғауға дайын екендіктерін білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны