26.06.2013, 16:13 2908

Шекарашы офицер көңілдес әйелдің күйеуін өлтіргені үшін сегіз жылға сотталды

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған әскери сот Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицерін қызғаныштан кісі өлтіргені үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырды, деп ІІМ Тергеу комитеті мәлімдеді.

Астана. 26-маусым. Kazakhstan Today - Шекарашы офицер көңілдес әйелдің күйеуін өлтіргені үшін сегіз жылға сотталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған әскери сот Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицерін қызғаныштан кісі өлтіргені үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырды, деп ІІМ Тергеу комитеті мәлімдеді.

Тергеу комитетінің мәліметіне сәйкес, қылмыс жасаған кезде ҰҚК шекара қызметіне қарасты N2037 әскери бөлімшенің десанттық-штурмалық бекет басшысының міндетін атқарған аға лейтенантына қатысты үкім дүйсенбі күні шығарылды.

Тергеу анықтағандай, 2012 жылы 31 желтоқсанда әскери қызметші Макаров табельдік қаруын әскери бөлімшесінен тыс әкетіп, өзі сақтап жүрген патрондарды салып өз көңілдесінің күйеуін өлтірген.

Оқ тиіп өлген ер адамның мәйіті Шымкенттегі үйлердің бірінің ауласынан табылған.

Сонымен қатар, аға лейтенант бөлімшеден табельдік қаруды әкету фактісін асару мақсатында қаруды есепке алу құжаттамасына түзету жасаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны