16.09.2009, 14:14 1634

Шекарашылар жауынгерлік тапсырмаға "тот басқан консерві құтысымен" ұшып шыққан - сенат депутаты

Шекарашылар жауынгерлік тапсырмаға "тот басқан консерві құтысымен" ұшып шыққан - сенат депутаты

Астана. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шекарашылар жауынгерлік тапсырмаға "тот басқан консерв құтысымен" ұшып шыққан. Бұл туралы бүгін сенат депутаты Ғани Қасымов сенаттың жалпы отырысында Оңтүстік Қазақстан облысында шекара қызметінің 10 әскери қызметкерінің қаза болу оқиғасына қатысты мәлімдемесінде атап көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біздің жекелеген әскери бөлімшелердегі, соның ішінде шекара қызметінде болып жатқан оқиғаларға әсіре таңым бар. Біз осы жолы жауынгерлік тапсырмаға шыққан ең таңдаулы офицерлерімізден айрылып қалдық. Отаны оларды "тот басқан консерві құтысымен" тапсырмаға жіберді, ал олар болса жауынгерлік мақсатты орындайтын жерге жете алмай да қалды", - деді сенатор.

"Ал біз Конституция күніне орай өткізілген парадта мүлдем басқаша ахуалдағы техниканы тамашалай тамсанған едік! Мен нақты өмірде де осындай болуын сұрар едім. Тек Конституция күнін тойлағанда ғана емес", - деді Ғ. Қасымов.

Еске сала кетейік, 8 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысында тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан Шекара қызметінің 10 әскери қызметшісі қаза болды, үшеуі ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны