25.01.2018, 18:39 4641

Шығыс Қазақстан облысы ІІД жергілікті полиция қызметініӊ жаӊа бастығы тағайындалды

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтыӊ өкіміне сай және облыстық маслихат депутаттарыныӊ келісімі бойынша Шығыс Қазақстан облысы жергілікті полиция қызметі (ЖПҚ) бастығыныӊ лауазымына полиция полковнигі Батырбек Сейітқазыұлы Аяғанов тағайындалды

Өскемен. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - ШҚО әкімі Даниал Ахметовтыӊ өкіміне сай және облыстық маслихат депутаттарыныӊ келісімі бойынша Шығыс Қазақстан облысы жергілікті полиция қызметі (ЖПҚ) бастығыныӊ лауазымына полиция полковнигі Батырбек Сейітқазыұлы Аяғанов тағайындалды.

Батырбек Сейітқазыұлы 1964 жылы наурыздыӊ 30-ында ШҚО, Катон-Қарағай ауданы, Белое ауылында дүниеге келді. 1988 жылы Өскемен педагогикалық институтын, 1997 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін тәмамдады.

Еӊбек жолын 1990 жылы Өскемен қаласында Үлбі аудандық атқару комитетініӊ ІІБ алдын-алу бөлімшесініӊ милиция учаскелік инспекторы қызметінен бастады. 1994 жылы қыркүйекте ШҚО Өскемен қаласы ІІБ қоғамдық тәртіпті сақтау бөлімі бастығыныӊ орынбасары болып тағайындалды. Бірнеше жыл қатарынан Өскемен қаласыныӊ ІІБ әкімшілік полиция бөлімініӊ бастығы қызметін атқарды. 2002 жылы ШҚО Мамандандырылған күзет қызметі басқармасыныӊ тәрбие және кадр жұмысы бойынша бастығыныӊ орынбасары, кейін бастығы болды. 2004 және 2009 жылдар аралығында ШҚО ІІД Өскемен қ., ІІБ бастығыныӊ орынбасары, 2009 жылы ШҚО ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығы лауазымына тағайындалды. 2012 жылдан бері ШҚО ІІД бастығыныӊ орынбасары болды.

- Біз бәріміз оны жақсы танимыз. Еӊбек еткен жылдар ішінде өзін жоғары тәртіпті және білікті офицер ретінде көрсете білді. Практикалық және ұымдастырушылық тұрғыда тәжірибесі мол, - деп атап өтті аймақ басшысы Даниал Ахметов ШҚО мәслихаты сессиясында.

Атап өту керек, ШҚО жергілікті полиция қызметі 2016 жылы құрылды. Оныӊ басты мақсаты - қоғамдық құқықбұзушылықтыӊ алдын-алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық іс-әрекеттерден сақтандыру және жол бермеу. Облыс әкімі, бұдан бөлек халықпен кері байланыс жұмысын одан әрі жаӊғыртуды тапсырды.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны