25.12.2007, 17:13 2769

Шығыс Қазақстан облысында 2008 жылдың басынан бастап көліктердің белгілі бір түрлерінің кіруіне шектеу қойылатын болады

Шығыс Қазақстан облысында 2008 жылдың басынан бастап көліктердің белгілі бір түрлерінің кіруіне шектеу қойылатын болады

Семей. 25-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында 2008 жылдың басынан бастап жүк көліктері мен көлік құралдары құрамының облыс орталығы мен Семейдің тұрғын үй аймақтарына кіруіне шектеу қойылады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Сонымен қатар, облыстық әкімшіліктегілердің хабарлауынша, "көліктерден шығатын зиянды газдарды азайту мақсатында облысқа келетін жанармай сапасын бақылауды қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 4 млн теңге бөлінген".

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, үстіміздегі жылы облыстың 24 кәсіпорынындағы бензиндердің 114 партиясының сапасы тексерілген. 194,4 мың литрден тұратын 20 партияның бензині сәйкестік сертификатынсыз және сапа паспортынсыз сатылған, олардың 60 пайызы сапа талабына сай емес.

"Алдағы жылы облысқа әкелінетін бензиннің сапасын бақылауды қамтамасыз етуге бөлінетін қаржы көлемі 4,5 есеге өсетін болады",- деп атап өтті мекемедегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны