16.02.2007, 17:18 3158

Шығыс Қазақстан облысында браконьерлерден 40 ондатрдың терісі тәркіленді

СЕМЕЙ. 16-ақпан. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында бес браконьер құрықталып, олардан 40 ондатрдың терісі тәркіленді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, ұсталғандар Үржар ауданының Көктал аулының тұрғындары болып шықты. Тергеу барысында белгілі болғандай, олар ондатрларды Сасықкөл өзенінде аулаған. Браконьерлерден ондатрлардың терілерінен басқа 45 қақпан тәркіленді. Табиғатқа келген шығын, алдын ала жасалған есеп бойынша, 500 мың теңгеден асады.

Баспасөз қызметінің атап көрсеткеніндей, соңғы жылдары Сасықкөл мен Алакөл өзендеріндегі ондатрларды заңсыз аулау оқиғалары жиілеп кеткен. Құқық қорғау органдары мен қадағалау құрылымдарының қажетті шараларды қолдануына қарамастан, браконьерлердің саны азаяр емес.

Жылдың басынан бері облыс полицейлері жануарлар әлемі мен өсімдіктерді қорғау жөніндегі қызметкерлермен бірлесе отырып, браконьерлік деректер мен заңсыз балық аулау деректерін анықтауға қатысты 10-нан астам рейдтік шаралар өткізген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны