02.12.2012, 10:52 2741

Шығыс Қазақстан облысында "Ертіс" және "Енисей" паромдары өз жұмысын қайта жандандырады

ШҚО Ақпараттық орталығының хабарлауынша, биылғы жылдың жазында паромдардың иелері "Ертіс" және "Енисей" арнайы паромдарын ШҚО-ның коммуналдық меншігіне қабылдауды ұсынған болатын. Алайда паромдарды берудегі қиындықтардың бірі мүліктің жалпы сомасы 80 324 079 теңге болатын қарыз үшін "Банк ЦентрКредит" АҚ-да кепілдемеде тұрғандығы болып табылды.

Өскемен. 2-желтоқсан. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында "Ертіс" және "Енисей" паромдары өз жұмысын қайта жандандырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ШҚО Ақпараттық орталығының хабарлауынша, биылғы жылдың жазында паромдардың иелері "Ертіс" және "Енисей" арнайы паромдарын ШҚО-ның коммуналдық меншігіне қабылдауды ұсынған болатын. Алайда паромдарды берудегі қиындықтардың бірі мүліктің жалпы сомасы 80 324 079 теңге болатын қарыз үшін "Банк ЦентрКредит" АҚ-да кепілдемеде тұрғандығы болып табылды.

ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев хабарлағандай, "InternationalFundforHoubaraConservation-Kazakhstan" корпоративтік қоры директоры Мохаммед Салех Хасан Илбайдани (БАИ) тұлғасында өтеусіз негізде, қайырымдылық мақсатта осы екі паромды кепілдіктен босату үшін 80 млн теңгеден астам грант бөлуге ниет білдірді.

Қазіргі уақытта аталған сома Банктің транзитті шотына аударылды, "Банк ЦентрКредит" АҚ-дан кепілдемеден босату рәсімі қорытынды кезеңде болып табылады.

"Осыдан кейін "Ертіс" және "Енисей" паромдары ШҚО Күршім ауданындағы әлеуметтік маңызды "Қызыл Ту" паром өткелі бойынша қатынасты ұйымдастыру үшін Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне беріледі", - деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны