29.12.2007, 13:55 3025

Шығыс Қазақстан облысында қаңтардың бірінші онкүндігінде ауа температурасы 42 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде

Шығыс Қазақстан облысында қаңтардың бірінші онкүндігінде ауа температурасы 42 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде

Семей. 29-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында қаңтардың бірінші онкүндігінде ауа температурасы 42 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Семейдің төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

Қаңтардың бірінші онкүндігінде ауаның температурасы түнде 21 - 26 градусқа дейін, кей жерлерде 31 градустан 32 - 37 градусқа дейін, тіптен кей жерлерде 42 градусқа дейін төмендейді; ал күндіз 10 - 15 градустан 32 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде 22 - 28 градус аяз болады деп күтілуде.

Үшінші онкүндікте ауа температурасы 18-ден 23 градусқа дейін, кей жерлерде 28 градусқа дейін ауытқиды деп болжануда.

Ай бойы жиі боран болады деп күтілуде. Бірінші онкүндіктің соңында батыс бағытындағы желдің күші секундына 15 - 20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны