01.09.2009, 17:57 3100

Шығыс Қазақстан облысында қатқақ болады деп күтілуде - Төтенше жағдайлар департаменті

Шығыс Қазақстан облысында қатқақ болады деп күтілуде - Төтенше жағдайлар департаменті

Семей. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында қатқақ болады деп күтілуде. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, "Қазгидромет" РМК мәліметінше, 2 - 3 қыркүйекке қараған түні облыс аумағында кей жерлерде 0 - 2 градусқа дейін суық болмақ.

Департаменттің хабарлауынша, "бүгін өңірде көшпелі бұлтты, күндіз кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан секундына 9 - 14 метрлік жел соғады, кей жерлердің оның жылдамдығы 15 - 20 метрге жетеді. Түнде ауаның температурасы 7 - 12, кей жерлерде 15, күндіз 23 - 28, кей жерлерде 18 градус жылы болады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны