05.06.2007, 18:02 3164

Шығыс Қазақстан облысында мол жауған жаңбырға байланысты көшкін болатын жерлерде бақылау күшейтілді

СЕМЕЙ. 5 - мамыр. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында мол жауған жауынға байланысты көшкін болатын жерлерде бақылау күшейтілді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Облыста жауған жаңбыр толастамай отырғандықтан, қазіргі уақытта Қотан-Қарағай мен Зыряновск аудандарындағы көшкін болатын жерлерді, әсіресе Шыңғыстай мен Путинцевск аумақтарын бақылау күшейтілді",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер әзірге бұл аймақтардағы ахуалдың орташа екендігін қоса отырып.

Сонымен қатар "Қазселқорғау" мемлекеттік басқармасының қызметкерлері Қотан-Қарағай ауданындағы мұздақты көлдер мен Тарбағатайдағы Сарымсақты өзенінің бастауында тексеру жүргізуде. Қазіргі уақытта сел қаупі төніп тұрған жоқ.

Сондай-ақ, осы күндері мол жауған жаңбырға байланысты Өскемен - Зыряновск тасжолының 22-ші шақырымында қияның опырылып түсу қаупі туды. Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерінен, "Қазселқорғау" кәсіпорыны мен жол қызметтерінің өкілдерінен тұратын комиссияның шешімімен тасжолдың 5-ші шақырымынан 46-шы шақырымына дейін жол жабылды. "Аталмыш учаскеде жару жұмыстарын жүргізу жолымен 200 текше метр көлемінде тас қия құлатылды. Жол қозғалысы 31-мамырда кешке ашылды", - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Бірақ төтенше жағдайлар департаментіндегілер қазіргі уақытта сел мен көшкін жүруі мүмкін екендігін ескертті. "Сел жүру қаупі бар орындарда тұратын тұрғындарға төніп тұрған қауіп туралы алдын-ала ескертіледі",- деп сендірді баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны