24.07.2006, 17:36 3004

Шығыс Қазақстан облысында тәуелсіз медицина сарапшылары қауымдастығы құрылды

СЕМЕЙ. 24 шілде. Kazakhstan Today. Семейде тәуелсіз медицина сарапшылары аймақтық қауымдастығы құрылды. Бұл жөнінде журналистерді қауымдастық жетекшісі Тасболат Иділханов құлағдар етті.

Оның ақпараты бойынша, қауымдастық қоғамдық ұйымының мәртебесіне ие болғандықтан пайда табуды көздемейді. Басты мақсат - денсаулық сақтау саласын дамытуға, медицина білімін жетілдіруге, тұтынушыларды медициналық қызметпен қамтамасыз етуге атсалысу.

Жаңа бірлестік денсаулық сақтау жүйесінде және нақты медициналық ұйымдарда экономикалық және басқару үйлесімділігінің ортақ стандарты мен нормаларын қарастыру және енгізу үшін сараптама жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ қауымдастық, пациенттің өміріне қауіп төніп тұрған жағдайда білікті кеңес беріп және пациенттің сұрауы бойынша тәуелсіз экологиялық сараптама жүргізеді. Сонымен қатар, әкелікті анықтау, әскер қатарына шақырылғандар мен әскери қызметкерлердің асырап алатын баланың денсаулығын анықтау, емделуге және тексерілуге жұмсалған қаражатты бағалауға тәуелсіз сараптама жүргізу жоспарланған.

Т. Иділхановтың хабарлауынша, қоғамдық ұйым тәуелсіз медицина сараптамасы және пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқытарын қорғау мәселелелері бойынша семинар, конференция өткізуге жағдай жасайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны