29.05.2015, 14:48 3946

Шығыс Қазақстан облысында жүк пойызыныӊ 15 вагоны рельстен шығып кетті

Оныӊ 13-і аударылып қалған. Оқыс оқиға бүгін таӊғы сағат 6-да "Серебрянск-Огневка" бағытында болған. Пойыз вагондарында кен мен цемент тиелгендігі анықталып отыр

Астана. 29 Мамыр. Kazakhstan Today - Оныӊ 13-і аударылып қалған. Оқыс оқиға бүгін таӊғы сағат 6-да "Серебрянск-Огневка" бағытында болған. Пойыз вагондарында кен мен цемент тиелгендігі анықталып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алдын ала мәліметке қарағанда зардап шеккендер жоқ. Қазір төтенше жағдай болған жерді қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды khabar.kz тілшісі.

Ол үшін Серебрянск станциясыныӊ 100-ден астам теміржол қызметкерлері толық тартылды. Облыстық төтенше жағдайлар департмаентініӊ мәліметі бойынша, оқиға жолдардыӊ ескіргенінен болуы мүмкін.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны