15.01.2008, 10:57 1582

Шығыс Қазақстан облысының әкімі мемлекеттік бағдарлама аясындағы қаражатты пайдаланудың басты бағыттарын белгіледі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі мемлекеттік бағдарлама аясындағы қаражатты пайдаланудың басты бағыттарын белгіледі

Семей. 15-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжанов 2008 жылы мемлекеттік бағдарлама аясындағы қаражатты пайдаланудың басты бағыттарын белгіледі, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.

"Президенттің 100 мектеп-100 аурухана салу бастамасы аясында қазіргі уақытта облыста бес мектептің құрылысы жүріп жатыр. 2008 жылы тағы екі білім және жеті денсаулық сақтау объектілерінің құрылысы басталады", - деп хабарлады Жәнібек Кәрібжанов мемлекеттік бағдарламаны орындау мәселесі бойынша өткен жиналыс барысында.

Икім "Ауыз су" бағдарламасына сәйкес, 2008 жылы сумен қамтамасыз ететін 52 объектінің құрылыс және қайта жөндеуден өткізу жұмыстарына бюджеттен 2 млрд 388 млн теңге (өсім 37%), оның ішінде жергілікті бюджеттен 31 объектіге 1 млрд 134 млн теңге (өсім 2,1 есе) бөлу жоспарланып отырғанын жеткізді. "Жүргізілген жөндеу және құрылыс жұмыстарының нәтижесінде сумен қамтамасыз ету жүйесінде жыл соңына қарай облыстың 16 ауылдық елді мекендерінде тұратын 15 мыңнан астам адам орталықтандырылған суға қосыла алатын болады", - деп хабарлады Жәнібек Кәрібжанов.

Ж. Кәрібжановтың ақпаратына сүйенсек, тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру аясында 2007 жыл қортындысы бойынша аймақта барлық қаржы көздері есебінен жалпы аумағы 333,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген (2006 жылмен салыстырғанда 135,9 пайыз).

"Сонымен бірге, облыста тұрғын үй құрылысы саласында бюджет қаражатын игермеу және мердігерлердің өздеріне жүктеген міндеттемелерін өз уақытында орындамау оқиғалары кездесіп жатады", - деді әкім.

Жиналыс барысында сондай-ақ, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның даму мәселелері қарастырылды. Оның ішінде, Өскемен және Семей қалаларында дербес тұрғын үй құрылысы да бар. "Республикалық бюджет қаражаты есебінен биыл 1 млрд 140 млн теңгеге коммуникация салу жоспарланған", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны