12.04.2010, 15:24 2915

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар кенттерінде тасқын қаупі сақталуда - вице-премьер

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар кенттерінде тасқын қаупі сақталуда - вице-премьер

Астана. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысының бірқатар кенттерінде тасқын қаупі сақталуда. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің селекторлық жиынында үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазір түнде аяздың болуы жақсы, қар мен мұздың еруі жай жүруде, бірақ уақыт өткен сайын күннің күрт жылыну қаупі арта түсуде. Сол себепті ахуалды аса мұқият қадағалау керек, онда Тарбағатай, Үржар аудандарында әлі де тоғыз ауыл тасқын қаупіне ұрыну мүмкіндігі бар", - деді Ө. Шүкеев.

Осыған байланыст оның айтуынша, "бекеттер қою қажет". "Өткен жылғы тасқынның арнасы бар, судың қалай жүретіні осыдан белгілі, сол себепті осы жерлерді қатаң бақылау қажет", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны