03.01.2018, 13:57 4917

Шығыс Қазақстан облысыныӊ онкодиспансерінде жоғары тиімді компьютерлік томограф іске қосылды

Шығыс Қазақстан облысыныӊ әкімі Даниал Ахметов облыстық онкологиялық диспансерде болып, жаӊа жабдықтармен танысты. Операциялық бөлімшелердіӊ мәртебесін тексере жүріп, жақын арада оларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді тапсырды.

Өскемен. 3 қаӊтар. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысыныӊ әкімі Даниал Ахметов облыстық онкологиялық диспансерде болып, жаӊа жабдықтармен танысты. Операциялық бөлімшелердіӊ мәртебесін тексере жүріп, жақын арада оларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді тапсырды.

Облыстық онкологиялық диспансерде бас дәрігердіӊ басшылығымен 7 дәрігер шетел ауруханаларында біліктілікті арттыру курстарына қатысып өтті. Облыстық онкодиспансерініӊ жаӊашылығы рентген сәулелерініӊ негізінен тұратын жоғары тиімді компьютерлік томография. Осы жоғары сапалы аппарат дәрігерлерге ішкі органдардағы эндоскопиялық ауруларды диагностикалауға мүмкіндік береді.

- Бұл заманауи компьютерлік томографы бір айналымда 128 тілімге дейін жасайды. Салыстыратын болсақ, осыған дейін сіздер қолданған томограф 2 тілім жасайтын. 2 және 128 айырмашылығы бар ма? Енді осы құрылғы диагностикалық үдерісті айтарлықтай жылдамдатып, сіздердіӊ жұмыстарыӊыздыӊ сапасын жақсартады. Мен үшін бұл еӊ бастысы, - атап өтті Даниал Ахметов.

Биылғы жылы онкологиялық диспансердіӊ операциялық блоктары заманауи құралдармен жабдықталған. Жеткізілген он жеті медициналық техниканыӊ көбі пайдалану үстінде. Үш қозғалтқыш, көпфункционалды төсек сатып алынған. Жалпы есеп бойынша алынған жабдықтар 868 млн. теӊгені құрайды.

- Диспансердіӊ барлық операциялық бөлімдері заманауи құралдармен жабдықталған және әлемдік стандарттарға сәйкес келеді. Сіздерде жетерліктей бөлмелер бар. Барлық жабдықтар жөнделген бөлмелерге орнатылатын болсын. Халықтыӊ игілігі үшін жұмыс істеӊіздер, - деді облыс басшысы.

Сонымен қатар, диспансердіӊ бас дәрігерініӊ айтуы бойынша, емхананы толық құралдыру үшін қосымша 2 миллиард теӊгеден астам қаражат қажет. Бүгінгі күні еӊ маӊыздысы сәулелік терапия бөлімін заманауи құралдармен жабдықталуы, деп хабарлайды ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны