30.06.2018, 01:03 5512

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасыныӊ жаӊа басшысы тағайындалды

Сайрангүл Ахметкәрімқызы 1971 жылы тамыздыӊ 11-нде Семей облысы Ақсуат ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін "География және биология" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Өскемен. 30 маусым. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасыныӊ жаӊа басшысы тағайындалды.

Облыста кезекті кадрлық өзгерістер. ШҚО әкімі Даниал Ахметовтыӊ өкімімен өӊірдіӊ бас педагогы лауазымына Сайрангүл Ахметкәрімқызы Жұмаділова тағайындалды. Бұған дейін облыстық білім басқармасы басшысыныӊ міндетін атқарды.

Сайрангүл Ахметкәрімқызы 1971 жылы тамыздыӊ 11-нде Семей облысы Ақсуат ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін "География және биология" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еӊбек жолын 1993 жылы Аягөз қаласы қазақ лицейініӊ география пәнініӊ мұғалімі қызметінен бастады. Кейін екі жыл бойы осы лицейде директордыӊ оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 2007 жылы облыстық білім басқармасыныӊ мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімініӊ бас маманы, одан кейін басшысы міндетін атқарды. 2015 жылдан бастап облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасыныӊ ШҚО спортта дарынды балаларға арналған мектеп - интернаты директорыныӊ тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2016 жылдан бастап ШҚО білім басқармасы басшысыныӊ орынбасары, ал 2018 жылдыӊ ақпан айынан бастап аталған басқарма басшысыныӊ міндетін атқарды.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны