01.07.2009, 13:23 1524

Шығыс Қазақстанда алғашқы синагога ашылды

Шығыс Қазақстанда алғашқы синагога ашылды

Өскемен. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстанда алғашқы синагога ашылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Қазақстанның бас раввині Ешая Коген, еврей қауымдарының раввиндері, алыс-жақын шетелдердегі еврей халқының өкілдері, облыс орталығының тұрғындары қатысты.

Өскемендегі синагога бельгиялық сәулетшілер Поль Давид Перродэнның және Кеннет Веттлин-Папаллидің жобасымен салынған. Ішкі жабдығын әрлеуге Иулие жерден әкелінген материалдар пайдаланылған. Айталық, Тора орамдары сақталатын шкафтың қасындағы қабырға иерусалим ақ-сары тасынан соғылып, Қайғы қабырғасына ұқсайды.

"Оэль Элиэзер - Хабад Любавич" синагогасы Шығыс Қазақстандағы еврей өмірінің орталығына айналады. Мұнда барлық жағдай жасалған. Тағзым ету, салтанат залдары, жұмыс кеңселері, асхана, кітапхана және оқу сыныптары бар.

Өскемендік синагонга Қазақстанда толық жұмыс істеп тұрған бесінші еврей орталығы. Көп жылдар бойы мұндай орталықтар Астана, Алматы, Павлодар және Қостанай қалаларында жұмыс істеп тұр.

Синагоганың ашылуына келген жұртшылықтың алдында сөз алған өңір басшысы ұлтаралық және конфессияаралық келісім - қазақстандықтардың басты құндылығы екенін айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны