03.10.2018, 17:37 3553

Шығыс Қазақстанда ардагерлерге құрмет көрсетілді

"Қарттарым, аман-саумысыӊ?" акциясы аясында қариялардыӊ үйлерін жинау, тазалау, аулаларын қалпына келтіру сияқты әлеуметтік және атаулы медицинадық көмектер берілді.

Өскемен. 3 қазан. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстанда белсенді түрде "Ардагерлерді ардақтайық!" партиялық жобасы жүзеге асуда. Мақсат - ҰОС ардагерлерініӊ, жалғыз қалған тыл еӊбеккерлері мен егде жастағы азаматтардыӊ өмір сүру деӊгейін жақсарту. Партияныӊ облыстық филиалында Қарттар күніне орай, аймақтыӊ әр ауданынан келген 20-дан астам ақсақалдар мен ақжаулықты әжелердіӊ қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті, "Нұр Отан" партиясы Төрағасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев өз сөзінде "Қартын ардақтай білген еліӊ рухы үстем, шаӊырағы биік" деген.

Облыстық филиал ғимаратында өӊірдіӊ еӊ белсенді және құрметті қарттары бас қосты. Олардыӊ дені Отан игілігі үшін еӊ құнды байлығын - өмірініӊ саналы ғұмырын тарту етті. Сөзсіз, қариялар салған сара жол көпке өнеге. Төрағаныӊ Бірінші орынбасары Инуарбек Мұхтарханов атап өткендей, бүгінгі ұрпақ аға буыннан адалдық, мықтылық, адамгершілік, қарапайымдылық пен ұлтжандылық қасиеттерді бойға сіӊіре өсуі керек.

-Шығыс Қазақстан облыстық филиал атынан Сіздерді мейраммен құттықтаймыз! Бұл кездесу мемлекетіміздіӊ, Елбасымыздыӊ Сіздерге деген қамқорлығыныныӊ бір көрсеткіші болсын. Сіздер әрдайым елде болып жатқан елеулі оқиғалардыӊ қасында жүргендеріӊізді қалаймыз. Сондықтан әрқашан қолдап, қамқорлық танытатын боламыз, - Инуарбек Мұхтарханов.

Кездесу бейресми түрде, дастархан басында өтті. Аға буын өткен күнніӊ естеліктерін еске алып, ұсыныстарын жеткізді. Солардыӊ бірі - Сайламхан Қалиқызы Көкпекті ауданынан келген. көп жылдар бойы партияныӊ Бастауыш ұйымын басқарып келген. Ұлағатты ардагер ұстаз нұротандықтарға ағылшын тілін оқытуда қолға алынып жатқан жобаларға бағасын берді.

- "Нұр Отан" партиясына ризамын. Бүгін міне, бізді шақырып, құрмет көрсетіп жатыр. Көп рахмет! Бүгінгі кездесуде мен ағылшын тілі мәселесін көтердім. Біздіӊ балалар мемлекетіміз 30 елдіӊ қатарына енуі үшін ағылшын тілін жетік білуі тиіс. Бірақ, қазіргі таӊда мектепте ол сабақтыӊ сағаты азайды. Сондықтан, ағылшын тілі клубтары дәл уақытында қолға алынған жоба деп білемін. Бұл бағыттары жұмыстар жалғасып, дәстүрлі болса деген аудан жастарыныӊ тілегін алып келіп отырмын, - деді Сайламхан Қалиқызы.

Айта кету керек, 2017 жылдан бастап облыстық филиал 45 564 азаматты қамти отырып, 1500 аса іс-шара ұйымдастырды. Арнайы зерттеу нәтижесінде әлеуметтік карта жасалынды. Оған ҰОС ардагерлері, жалғызбасты тыл еӊбеккерлері мен жалғызбасты қарттар кірді. Олардыӊ әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы зерттелінді. Бұған қоса, өӊірде ҰОС ардагерлерініӊ құрметіне қойылған ескерткіштер мен мемориалдарды қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылды.

"Қарттарым, аман-саумысыӊ?" акциясы аясында қариялардыӊ үйлерін жинау, тазалау, аулаларын қалпына келтіру сияқты әлеуметтік және атаулы медицинадық көмектер берілді.

Бұл күні барлық қонақтарға тарту жасалынып, сыйлық-сертификаттары табыс етілді. Айта кету керек, акция өӊірде бір ай бойы өтеді. Эстафетаны аудандық аумақтық филиалдар қабыл алды.

"Нұр Отан" партиясы ШҚОФ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны