11.07.2006, 13:48 3228

Шығыс Қазақстанда облыстық жастар бағдарламасы қабылданды

СЕМЕЙ. 11-шілде. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстанда облыстық жастар бағдарламасы қабылданды. Бұл туралы “Шығыс Қуаты -2006” атты облыстық жастар форумында Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат департаментінің директоры Бану Нұрғазиева хабарлады.

Оның айтуынша, алғаш рет бұл құжатта жастар ұйымдарын қаржыландыру қарастырылған. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 49 млн. 100 мың теңге бөлінді. “Бұл көптеген бастамалардың қаржыландырылатынын және жастардың белсенді бөлігі ойға алған жобаларын жүзеге асыра алатындығын білдіреді”,- дейді Б.Нұрғазиева.

Форум барысында сонымен бірге студенттер альянсының құрамына колледж өкілдерін енгізу туралы ұсыныс айтылды. “Бүгінге дейін біз жоғары оқу орындарының студенттерімен ғана жұмыс істеп келдік. Енді жастар ұйымдарының құрамын кеңейту жайын ойластыратын мерзім жетті”,- деді Қазақстанның студенттер альянсының жетекшісі Алмас Жүнісбаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, “Шығыс Қуаты -2006” атты облыстық жастар форумы Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстанның студенттер альянсы мен Қазақстан жастары конгрессінің күндеріне арналған. Форумның мақсаты облыстағы жастарды біріктіру, жұмыс тиімділігін көтеру мен оңтайландыруға бағытталған ортақ жоспарлар жасау, Шығыс Қазақстан облысындағы жастар ұйымдарының жастар саясаты саласындағы нұсқауларын дайындау, Астана, Өскемен және Семейдің студенттер альянсы арасында тәжірибе алмасу болып табылады.

Форумды Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаментінің тапсырысымен және Семей қалалық әкімшілігінің қолдауымен Шығыс Қазақстан облыстық жастр мен балалар ұйымдарының облыстық қауымдастығының заңды тұлғалары бірлестігінің Семей қалалық филиалы ұйымдастырды.
500-дей адам қатысатын форум бүгін, 11-шілдеде аяқталады.




МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны