28.01.2010, 15:53 3021

Шымкент әкімінің орынбасары отставкаға кетті

Шымкент әкімінің орынбасары отставкаға кетті

Шымкент. 28 қаңтар. Kazakhstan Today - Шымкент әкімінің орынбасары Жолдасбек Күздеубаев өз өтініші бойынша отставкаға кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бүгін Ж. Күздеубаев өзінің жұмыстан кеткені туралы ақпаратты журналистерге растап берді.

"Болған оқиғадан кейін менің жұмыс істеуім қиынға соғып отыр", - деді Ж. Күздеубаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы сотқа ар-ұжданын қорғау жөнінде шағымданып, әкімнің орынбасары өзін жанға бататын сөздермен қорлайды деп жеткізген. Сот шағымға дәлел ретінде келтірілген диктофондағы жазба заңсыз жасалған деп шағымды қанағаттандырмады.

Бұған қоса Ж. Күздеубаевтың аты хайуанаттар бағының директоры Ғани Сұлтановтың жұмыстан шығарылуына байланысты да аталған болатын. Қазір хайуанаттар бағының бұрынғы директоры өзінің жұмыстан шығарылуының заңдылығы жайлы сот арқылы дауласуда.

Қалалық әкімдікте Ж. Күздеубаев мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру салаларын жауаптанған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны