03.07.2009, 17:24 3483

Шымкент қалалық салық басқармасының басшылығы "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы бойынша қабылданған 100 жасты жұмыстан шығарды

Шымкент қалалық салық басқармасының басшылығы "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы бойынша қабылданған 100 жасты жұмыстан шығарды

Шымкент. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шымкент қалалық салық басқармасының басшылығы "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы бойынша қабылданған 200 адамнан 100 жасты жұмыстан шығарды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Кеше бірнеше ондаған жастар қалалық салық басқармасының ғимаратына жіберілмеді, оларға жұмыстан шығарылғандығын хабарлаған. Осыдан бір ай бұрын олар салық басқармасына "Жастар тәжірибесі" әлеуметттік бағдарламасы аясында жұмысқа жолдама алып келген болатын. Жігіттер мен қыздардың айтуынша, оларға жұмыстан шығару себептері түсіндірілмеген.

Ал салық басқармасы бастығының орынбасары Сайхидин Аязовтың журналистерге хабарлауынша, жастар тәртіп бұзуға байланысты жұмыстан шығарылған.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, "Жастар тәжірибесі" әлеуметттік бағдарламасы аясында 7216 жұмыс орнын құру жоспарланып, оған 650 млн жуық теңге бөлінген. Бұл бағдарлама бойынша жұмысқа алынған жастарға жалақы толық республикалық бюджеттен бөлінеді, жұмыс берушілер ешқандай да қаржылық шығынға ұшырамайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны